Айтыстың арыстаны, қарсыластарының киллері : ақындар Бекарыс Шойбековті құттықтады (видео)

04.03.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков 50 жасқа толды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақынды өнердегі достары құттықтап, шаңырағына барған. Олардың қатарында Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов және Сырым Әуезхан бар. Әріптестері Бекарыс Шойбековке ат мінгізіп, құрмет көрсетті.

"Бүгін қазақ айтысының көзі тірі аңызы Бекарыс Шойбековтың елу жылдығымен құттықтап,келе жатқан мерейлі мерейтойының қарсаңында астына арғымақ ат мінгізіп, үстіне қазақы дәстүрмен шапан жауып қайттық. Қандай заман келсе де, трендтен түспейтін айтыстың арыстаны, қарсыластарының киллері Бекарыс ақынды айтыссүйер халық та, айтыскер ақындар да ерекше мойындайды. Өзі айтыстың сахнасында, аты көкпардың додасында атой салып, қай қияға салса да, олжасыз қайтпайтын оғланымыздың өмірі ұзақ болсын! Қазаны оттан, ал өзі аттан түспесін!", - деп жазды Сырым Әуезхан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью