Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда мигранттарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін айыппұлдарды арттыру қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда мигранттарды заңсыз жұмысқа алғаны үшін айыппұлдарды арттыру қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Егер жеке тұлға шетелдік жұмыс күшін тартатын болса, оның мөлшерлемесі 7 АЕК (2026 жылы 30 275 теңге). Мигрант ақысын төлеп, елімізге келеді, бірақ іс жүзінде заңды тұлғада жұмыс істейді, бұл – заңбұзушылық. Енді мұндай ауытқулар болмауы үшін екі квотаны бір квотаға біріктіріп, бірыңғай салық мөлшерлемелерін белгілейміз. Ондайда мигрантқа (бұлай істеудің – ред. еск.) мәні болмайды, ол бірыңғай салық алымын төлеп, жеке тұлғада да, заңды тұлғада да жұмыс істей бере алады. Бұл – әділ схема", - деді Асқарбек Ертаев.
Еңбек министрлігі тиісті түзетулер әзірлеп, ІІМ мен өзге де мемлекеттік органдарға қарауға жолдаған. Министрдің айтуынша, бірыңғай квота биылдың өзінде енгізілуі мүмкін.
"Заңсыз көші-қонға келетін болсақ, бұл негізінен Ішкі істер министрлігінің құзыретінде. Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз және келісеміз: елімізде болу ережелерін бұзса, айыппұлдарды арттыру керек. Өйткені бізде "Заң мен Тәртіп" қағидаты бар, әрбір шетелдік азамат Қазақстан заңнамасының ережелерін сақтауға тиіс", - деп толықтырды Ертаев.
Айта кетейік, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын заңнаманы бұза отырып тартқаны үшін (ӘҚБтК-нің 519-бабы) келесідей айыппұлдар қарастырылған:
жеке тұлғалар үшін: ең төменгісі – 30 АЕК немесе 129 750 теңге, ең жоғарысы – 50 АЕК немесе 216 250 теңге; лауазымды тұлғалар үшін: ең төменгісі – 50 АЕК немесе 216 250 теңге, ең жоғарысы – 100 АЕК немесе 432 500 теңге; орта бизнес үшін: ең төменгісі – 200 АЕК немесе 865 000 теңге, ең жоғарысы – 300 АЕК немесе 1,2 миллион теңге; ірі бизнес үшін: ең төменгісі – 700 АЕК немесе 3 миллион теңгеден астам, ең жоғарысы – 1000 АЕК немесе 4,3 миллион теңге.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу