Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Биыл көрнекті ғалым, академик Күләш Құнантайқызының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай ардақты тұлғаның туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде ғылыми-практикалық конфенция өтті.
Күләш Құнантайқызы – қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы педагогика ғылымдарының докторы. Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғары және орта білім министрінің орынбасары болды. Әсіресе Құнантайқызының басқару қабілеті мен ұйымдастырушылық шеберлігі Қазақ қыздар педагогикалық институының ректоры болған жылдары жарқырап көрінді. Еліміздегі бірегей білім ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салды. Оның басшылығымен жаңа оқу корпусы бой көтеріп, студенттер жатақханасы салынды. Институт қызметкерлеріне көппәтерлі үй тұрғызылды. Қысқасы, қазақ қыздарының алаңсыз білім алуына толық жағдай жасады. Бір жағынан, ғалым басшылық қызметте жүріп, ғылымнан да қол үзбеді. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Ол кісінің жетекшілігімен 4 ғылым докторы мен 20-дан астам ғылым кандидаты даярланды.
Аталған ғылыми конференцияда айтулы академиктің ғылыми-педагогикалық мұрасымен бірге заманауи білім жүйесінде тиімді оқыту әдістерін қолдануға бағыт беру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ ғылым қайраткерінің педагогикалық идеялары мен ғылыми тұжырымдарының бүгінгі білім саласындағы маңызына да мән берілді.
Конференцияға еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары онлайн қатысты. Айталық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Әмина Әмірова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Мәрияш Мұқашева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Перизат Сейітқазы академиктің ғылыми еңбектері мен педагогика ғылымындағы орны туралы мазмұнды баяндама жасады. Онда ғалымның зерттеулері қазақ педагогикасының дамуы-на тың серпін бергені атап өтілді. Әсіресе академик Күләш Құнантайқызының мектеп ұйымдарының қалыптасуы мен тәрбие жүйесінің эволюциясы жөніндегі еңбектері бүгінге дейін құнды дереккөз екені айтылды. Жиын аясында «cross-training» алаңы ұйымдастырылды. Мұнда пән мұғалімдері заманауи оқыту әдістері мен цифрлық технологияларды білім үдерісіне енгізу және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары жайында пікір алмасты. Бұл алаңда ұстаздар бірлескен жобаларын ұсынып, инновациялық педагогикалық тәсілдерді талқылады.
Күләш Құнантайқызының мерейтойына арналған іс-шаралар легі Ұлан ауданының өзге білім ордаларында да жалғасты. Мәселен, Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектепте «Ұлан – ғалымдар түлеткен киелі мекен» атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті. Оған ғалымның немере інісі Орал Құнафин қатысып, бірегей тұлғаның адами болмысы мен қайраткерлігі жайында әңгімеледі.
Сонымен бірге мазмұнды кешке жерлесіміз, Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұржамал Сманова, ғалымның жиені Сәуле Ыбыраева онлайн қатысып, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Академик туралы арнайы көрме ұйымдастырылып, оған ұлағатты ұстазға қатысты құжаттар мен фотосуреттер қойылды.
Әлия ӘБІШЕВА,
Ұлан аудандық білім бөлімінің әдіскері
Шығыс Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар
Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер
Еңбек • Бүгін, 08:17
Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік
Технология • Бүгін, 08:15
Еңбек • Бүгін, 08:12
Қоғам • Бүгін, 08:10
Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді
Экономика • Бүгін, 08:07
Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы
Ата заң • Бүгін, 08:05
Инфляция • Бүгін, 08:03
Туристік нысандардың дайындығы тексерілді
Туризм • Бүгін, 08:00
Саясат • Бүгін, 07:58
Ағаш өндірісіндегі игі бастама
Өндіріс • Бүгін, 07:55
Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық
Саясат • Бүгін, 07:53
Көмір саласы кешенді дамуға бет алды
Саясат • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды
Президент • Бүгін, 07:47
Саясат • Бүгін, 07:45