Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Балық ресурсын сақтау, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту, табиғат пайдалану заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған «Таза су айдындары» атты республикалық акция аясында өзен-көлдерден 10 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Акцияға 397 адам, 68 арнайы техника, 5 шағын жүзу құралы қатысты.
«Балық қорын молайтуға кедергі келтіретін 78 ау қалдығы жойылды. Кешенді жұмыс су экожүйесін сауықтыруға, балықтың табиғи ортасын сақтауға мүмкіндік берді», дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.
«Уылдырық-2026» іс-шарасы кезінде су айдындарын тазартудан бөлек, заңсыз балық аулаудың алдын алып, балықтың табиғи көбеюіне жағдай жасау бағытындағы жұмыс қолға алынған. Инспекция мамандары заңсыз балық аулаудың ондаған дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылғанын мәлім етті. Заң бұзушылардан жүздеген кило балық пен құралдар тәркіленіп, табиғатқа келтірілген залалды өтеу бағытында жұмыс жүргізілген. Олардың бірқатары сотқа жолданған.
Табиғат қорғау шараларына мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары өкілдері қатысып, өңірдің су экожүйесін сақтауға бағытталған жұмыстарға үлес қосты.
ҚЫЗЫЛОРДА