Әке мен бала бірге дауыс берді: ШҚО әкімі сайлау учаскесіне отбасымен келді

23.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру науқаны өтіп жатыр. Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов №1193 сайлау учаскесіне әкесі, жұбайы және балаларымен бірге барып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов №1193 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы сайлау учаскесіне әкесі, жұбайы және балаларымен бірге келді.

«Бүгін елімізде маңызды тарихи күн өтіп жатыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы – жай ғана дауыс беру емес, елдің дамуы, азаматтық қоғамды нығайту және саяси мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл күн жаңа реформаларды жүзеге асыруға, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа парақ ашуға негіз болады.

Бүгін менімен бірге әкем, жұбайым және жиенім дауыс беріп жатыр. Мен үшін балалардың кішкентай кезінен бастап елімізде не болып жатқанын, осындай маңызды саяси үдерістердің қалай өтетінін түсінуі маңызды. Олардың тарихи маңызы бар оқиғалардың куәсі болып, жастайынан жоғары азаматтық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастырғанын қалаймын», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан тұрғындарының дәстүрлі түрде жоғары азаматтық жауапкершілік танытатынын атап өтіп, бұл күні де әр сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, өңірдегі барлық 534 сайлау учаскесі сағат 7:00-де жұмысын бастап, сайлаушыларды жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін қабылдайды. Дауыс беру барысы мен тәртіптің сақталуын 3 мыңнан астам бақылаушы қадағалап отыр. Олардың ішінде 10-ға жуық халықаралық өкіл бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью