Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Отандық шоу-бизнес өкілі Сиви Махмуди кейбір әріптестеріне өкпелі екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында әкесінен көмек сұрайтын өнер адамдарының көп екенін жеткізді.
«Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер аз емес. Кезінде талайына қолдау көрсетті. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ кейін “мүлде көмектеспеңіз” деп айттым, өзі де бәрін көрді. Сол адамдардың бірде-бірі жағдай сұрап келмеді. Ешкімнен ақша күтпейсің ғой. Тек әкем “тойға келіп, ән айтып берші” деп өтініш жасағанда, телефондарын алмай қоятындары бар», – дейді С. Махмуди.
Оның айтуынша, кейбір адамдар тек өз пайдасы үшін ғана хабарласады.
«Ешкімді маңайыңызға жолатпаңыз деп айттым. Бірақ бәрібір кабинетінің алдына келіп отырады. Жыным келеді. Мен арқылы шықпайды, нөмірін тауып алып, өздері барады. Соған ренжимін. Егер шаруасы болса, менен асып кетпей, алдымен маған айтуы керек сияқты. Бұл – бір міндет секілді. Әкем – жай ғана кәсіпкер», – деп сөзін түйіндеді ол.