Әкім ​Атырау облысындағы жолдардың жағдайы бойынша есеп берді

03.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6542 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық жолдар – 1115,6 шақырым, облыстық – 846,4, қалалық маңыздағы жолдар – 2 050,9, аудандық маңызы бар – 1088,7, ауылішілік – 1 440,7 шақырым.

- 2025 жылы 45 елді мекенде 78 жобаны жүзеге асты. Нәтижесінде 235 шақырым жол жөнделіп, автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 83%-ға жетті, осы жылы бұл көрсеткішті 86%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, — деді Серік Шапкенов.

Жол құрылыс жұмыстарының сапасына баса көңіл бөлінуде. Бірінші кезекте нысандарда қоғамдық бақылау ұйымдастырылған, одан бөлек жол сапасын қамтамасыз ету мақсатында техникалық қадағалаумен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» арқылы зертханалық тексерулер күшейтілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 370,0 млн тенге қаражат бөлініп, 78 жоба 100% толықтай қамтылды.

2025 жылы жол-құрылыс жұмыстарының мониторингінің нәтижесінде 484 ақаулық анықталды (оның ішінде: 175 негізгі, 309 күрделі емес ақаулық). Мердігерлер тарапынан кепілдік міндеттемелері шеңберінде 150-ге жуық ақаулық қалпына келтірілді.

Автокөліктердің рұқсат етілген салмақ нормаларын бақылау және жолдың мерзімінен бұрын тозуын алдын алу мақсатында автоматтандырылған өлшеу стансалары орнатылуда. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар жолдарда жоспарланған 4 дана өлшеу құрылғыларының 3-уі іске қосылған, биыл тағы 1 данасын қондыру жоспарлануды.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 9 автоматтандырылған өлшеу құрылғыларын орнату жоспарда бар, қазіргі уақытта 2 данасы қондырылған, қалған 7 данасын орнатуды биыл бастап, келесі жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бүгін, 11:46

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью