Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – жергілікті атқарушы органдар жұмысының (ЖАО) тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Жергілікті әкімдіктердің осы бағытта былтыр атқарған жұмыстары бағаланды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: depositphotos.com
«2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелері туралы есеп» деректеріне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) аясында жергілікті атқарушы органдар көрсеткен мемлекеттік қызметтердің орташа сапа бағасы 4,86 балды құрап, жоғары көрсеткіш тіркелді. Жергілікті атқарушы органдар қызметіне қойылған баға деңгейі 86,7%-ға жетті. Аталған екі көрсеткіш те алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары болды.
Еліміздің 20 өңірінің 17-сінде қызмет көрсету сапасы 4,80-ден 4,93 балға дейін жоғары бағаланса, қалған 3 өңір «орташадан жоғары» деген бағаға ие болды.
Олжас Бектенов: Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалады
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсету сапасы бойынша Қарағанды облысының әкімдігі көш бастады. Өңірдің аталған бағыттағы бағасы – 4,93 балл.
Екінші орынға 4,93 балмен Ақмола облысының әкімдігі орналасып, жергілікті атқарушы органдар қызметі 92,7% көрсеткішке қол жеткізді.
Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы 4,92 балмен түйіндеді. ЖАО жұмысына қанағаттану деңгейі – 92,6%-ға бағаланған.
Алғашқы бестікке Шымкент қаласының (4,91 балл) және Ұлытау облысының (4,9 балл) әкімдіктері енді.
Ал рейтингтің соңғы орындарында Маңғыстау (20-орын), Солтүстік Қазақстан (19-орын) және Қызылорда (18-орын) облыстарының жергілікті атқарушы органдары орналасқан. Бұл өңірлердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы «орташадан жоғары» деңгейде бағаланған.
Бұдан бөлек, «Электронды үкімет» порталындағы сауалнама негізінде ЖАО көрсететін мемлекеттік қызметтерге онлайн-мониторинг жүргізілді. Онлайн-мониторинг нәтижелері бойынша ЖАО-ның орташа бағасы – 4,92 балл, ал толық қанағаттану деңгейі 90,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер офлайн-сауалнама нәтижелерінен сәл жоғары болып шықты.
Әкімдіктер тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін халыққа кеңінен түсіндіруі керек
finprom.kz дерегінше, онлайн-мониторинг қорытындысы бойынша барлық өңір жоғары бағаға қол жеткізген. Рейтингтің көшбасшы орындарын Қостанай облысы (4,98 балл және 96,6% толық қанағаттану), Шығыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 96,5% толық қанағаттану) және Батыс Қазақстан облысы (4,98 балл және 89,6% толық қанағаттану) иеленді.
Рейтингтің соңғы орындарында Алматы қаласының әкімдігі (4,83 балл), сондай-ақ Жамбыл (4,85 балл) және Ұлытау (4,85 балл) облыстарының әкімдіктері орналасқан.
Сондай-ақ кешенді бағалау мақсатында онлайн-мониторинг пен МӘТ аясындағы бағалау деректерін біріктіре отырып та қорытынды шығарылды. Жалпы баға екі зерттеу әдісі көрсеткіштерінің арифметикалық орташа мәні ретінде есептелді.
Кешенді бағалау қорытындысы бойынша рейтингтің алғашқы үш орнына мына өңірлердің жергілікті атқарушы органдары ие болды:
Шығыс Қазақстан облысы (4,95 балл);
Ақмола облысы (4,94 балл);
Қостанай облысы (4,94 балл).
Ал соңғы орындарға Қызылорда облысының (4,84 балл), Астана қаласының (4,84 балл ) және Жамбыл облысының (4,84 балл) жергілікті атқарушы органдары жайғасты.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше