Әкімдікті сотқа берген Павлодар тұрғыны жеңіп шықты

04.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: istockphoto.com

Іс материалдарына сәйкес, дау туындаған жер телімі тұрғындардың ортақ пайдалануына арналған аумақ саналған. Онда автотұрақ пен инженерлік коммуникациялар орналасқан. Соған қарамастан әкімдік аталған жерді жеке меншікке беру туралы шешім қабылдаған.

ChatGPT-дің кеңесіне сенген азамат OpenAI компаниясын сотқа берді

Талапкер бұл шешімнің заңға қайшы екенін айтып, сотқа жүгінген. Алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар оның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан.

Кейін істі қараған Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерін қайта қарап, талапкердің уәждерін негізді деп тапты.

«Әкімдік қаулысы қабылданған кезде жер телімі әлі де ортақ пайдаланылатын жер санатында болған, оның мәртебесін өзгерту бойынша заңда көзделген рәсім жүргізілмеген. Бұдан бөлек, жерді беру кезінде жер заңнамасының талаптары толық сақталмаған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттар инженерлік коммуникациялардың бар-жоғына назар аудармай, істің өзге де маңызды мән-жайларына тиісті құқықтық баға бермегенін атап өтті.

Ғарыш мониторингі: Астанада 122 заңсыз қоқыс орны әшкереленді

Нәтижесінде Кассациялық сот алдыңғы соттардың шешімдерінің күшін жойып, павлодарлық тұрғынның талап-арызын толық қанағаттандырды. Соған сәйкес әкімнің жер телімін жеке меншікке беру туралы қаулысы заңсыз деп танылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық тұрғын қызметтік тұрғын үйді жалдау шартын ұзартудан бас тартқаны үшін Қорғаныс министрлігін сотқа беріп, жеңіп шыққан болатын. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью