Әкімшілік амнистия: алдымен кімдердің айыппұлы кешіріледі

27.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Сенатор Марат Қожаев әкімшілік амнистия аясында алдымен кімдердің айыппұлы есептен шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда әкімшілік амнистия алғаш рет өткізіледі. Қожаевтың айтуынша, қазіргі осы бастаманы іске асыру тәртібі талқыланып жатыр.

"Білуімше, ұсыныстар жиналып жатыр. Алдымен әлеуметтік осал топтарға рақымшылық жасау қажет деген ұсыныс та бар. Соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар және тағы басқа азаматтар қамтылған", - деді сенатор журналистерге берген сұхбатында.

Ал мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жол ережесін жиі бұзатындардың айыппұлын кешіруге болмайды деп отыр.

"Әкімшілік амнистия туралы заң жобасы бізге, мәжілістің қарауына түсуі керек. Сол кезде мен міндетті түрде жұмыс тобының құрамына кіремін", - дейді Базарбек.

Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрі әкімшілік амнистияға іліге алмайтын адамдардың тізімін жариялаған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью