Актер Саят Исембаев Джеки Чанмен кездесті

20.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

“Рэкетир” фильмі арқылы танылған актер Саят Исембаев әлемге әйгілі актер, каскадер Джеки Чанмен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Актер әлеуметтік желіде әйгілі актермен бірге түскен суретін жариялады. Көрермен үшін бұл тосын жаңалық болды.

Айтуынша, сурет биыл 11 тамызда түсірілген. Ол бала күнінен Джеки Чанның фильмдерін көріп өскенін айтты.

“Мистер Джеки Чан. Әлем аңызы. Бала кезімізде фильмдеріңізге барып, сізге қызығып қарайтынбыз. Сіз мықтысыз”, – деп жазды Саят Исембаев.

Желі қолданушылары екі актердің суретіне сүйсіне қарап, жылы лебізін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью