Актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасқанын айтты

21.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Актриса, блогер Айым Сейітметова күйеуімен ресми түрде ажырасқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды. 

Ол ажырасу себебін ашып айтқысы келмейтінін жеткізді. Дегенмен бұрынғы жолдасымен сыйластықты сақтап қалуды жөн көретінін айтты.

“Талғат екеуміз ажырастық. Бұл сөздің артында өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Жақсы сәттеріміз де көп болды, отбасымыз болды. Ең бастысы, бізді өмір бойы байланыстыратын қызымыз бар. Қызымыз әке-шешесінің екеуінің де махаббатын сезініп өссе деймін. Біздің ересек ретінде қабылдаған шешіміміздің салдарын бала көтермеуі керек”, – дейді актриса. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью