Әл Фараби бойымен қозғалыс газ құбырын ауыстыруға байланысты ішінара шектеледі

11.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматыда газ құбырын реконструкциялауға байланысты Әл-Фараби даңғылында қозғалыс ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда газ құбырын реконструкциялауға байланысты Әл-Фараби даңғылында қозғалыс ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Маусымда Медеу және Бостандық аудандарында орташа қысымды жерасты газ құбырын жаңарту жұмыстары басталады.

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Алматы өндірістік филиалы мәліметінше, жаңғырту жұмыстары ұзындығы 1154 метр болатын учаскені қамтиды. Жұмыстар Луганский көшесінен Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты төрт учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі:

Falcon City тұрғын үй кешенінің маңында; Ritz Palace сауда орталығына қарама-қарсы тұста; Меңдіқұлов көшесі мен Назарбаев даңғылының аралығында; Померанцев және Қаратаев көшелерінің аралығында.

Жүргізушілерге шектеулерді алдын ала ескеріп, мүмкіндігінше баламалы бағыттарды таңдау ұсынылады.

Бұған дейін Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлаған едік.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью