Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Сотта айыпталушы Александр Пак өзіне тағылған кінәні толық мойындайтынын мәлімдеді.
Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Бұл бап мас күйінде көлік жүргізіп, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болу дерегін қарастырады.
Қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болды. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі және көліктегі 20 және 22 жастағы екі қыз қаза тапты. Айыпталушы мас күйде көлік тізгіндеген.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі сот отырысында кінәлі қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұраған болатын.