Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Алматы қалалық полициясы Әл-Фараби даңғылында болған тағы бір жол апатаның видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
BMW жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, көліктердің арасымен қауіпті маневрлер жасаған. Сол кезде көлікті басқара алмай, музей алдындағы шар пішініндегі арт-инсталляцияға соғылған.
Көлікте болған екі адам медициналық көмекке жүгінді. Бірақ дәрігерлердің оларды қарағаннан кейін үйіне жіберді.
Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.