Әл Фарабидегі ЖКО: полиция бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне үкім шықты

29.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы соты қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне қатысты әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Ер адамға ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік айыбы тағылды.

21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Zeekr автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes-ке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 26 наурызда тергеу соты оны қамауға алды. Апат кезінде оның жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды. 22 маусымда сот Александр Пакты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы Zeekr жүргізушісінің ішімдік ішкенін білген, оның қауіпті жүрісін көрген, бірақ жарысты тоқтатуға әрекет жасамаған. Прокурор оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Қорғаушы тарап сотталушының басқа жүргізушінің әрекетіне араласуға нақты қызметтік міндеті болмағанын алға тартып, ақтауды талап етті. Нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп тапты.

"Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеумен үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылсын", - деп үкімді Медеу аудандық № 2 сотының судьясы Жасұлан Хұсайынов оқыды.

Тағы оқыңыз: Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ұзабаев әл-Фарабидегі жол апаты ісі бойынша сотта жауап берді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью