Әл Фарабидегі жол апаты: Жалған куәлік бергендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

06.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ktk.kz-тің хабарлауынша, апаттың куәгерлері жалған жауап берді деген күдікке ілінген. Нақтырақ айтсақ, әңгіме апатқа себепші болған Zeekr автокөлігі жүргізушісінің достары туралы болып отыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдегендей, тергеу кезінде олар кінәлі деп танылған жүргізушінің мас болғанын жасыруға тырысқан.

Күдіктінің достары алғашқы тергеу кезінде оның ішімдік ішпегенін алға тартқан. Алайда медициналық сараптама жүргізушінің қанында 1,3 промилле алкоголь болғанын анықтады. Анықтаушылар қол жеткізген мейрамхана шотының көшірмесінде спирттік ішімдіктерге тапсырыс берілгені ресми түрде дәлелденген.

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Күдікті сотта өз кінәсін толық мойындады

Осыған байланысты бұл материал бөлек өндіріске алынып, Тергеу басқармасына жолданды. Заң бойынша, көрінеу жалған жауап берген куәгерлердің кінәсі дәлелденсе, олар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты осыдан екі ай бұрын болған еді. Тергеу нұсқасы бойынша мас жүргізуші тізгіндеген Zeekr көлігіне жалған нөмір тағылған. Көлік қала ішінде 219 шақырым/сағат жылдамдықпен жүріп, қарсы бетке шығып кеткен және Mercedes көлігіне соғылған. Соққы салдарынан Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі бойжеткен жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Сот отырысында қаза тапқан екі азаматтың жақындары жүргізушіні кешіргендерін айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Олар мұны айыпталушы тараптың шығынды толық өтеп бергенімен түсіндірді. Қазі сот процесі жалғасып жатыр. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью