Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Туристік орында құтқару станциясы салынды. Сондай-ақ өрт депосының құрылысы жүріп жатыр.
— Туристік маусым басталғанға дейін санитарлық тораптарды орнату, жағалауды жарықтандыру, пирс салу, саябақты жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2028 жылға дейін нақты жоспар бар.
— Жобаға сай, электр желілері тартылып, блокты-модульді тазарту құрылыстары салынады. Магистральды кәріз желілері жүргізіледі, сондай-ақ жол инфрақұрылымы жаңартылады. Одан бөлек пирс, жарықтандыру жүйелері, қоршаулар, саябақ пен жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймақтарын салу кезең-кезеңімен іске асырылады, — делінген ресми жауапта.
Жағалауды электр қуатымен қамту да назардан тыс қалмаған.
— Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында 110 кВ және 35 кВ электр желілерін салу жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны — 7,9 млрд теңге. Оның 30%-ы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар, ұзындығы 20 шақырым электр желілерін реконструкциялау жоспарланған. Жобаның болжамды құны — 700 млн теңге, — делінген хабарламада.
Одан бөлек санитарлық инфрақұрылым да жақсартылады.
— 2026 жылы санитарлық тораптарды орнатуға 299,5 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа модульді дәретханалар орнатылып, септик жүйелері қарастырылады. Сондай-ақ блоктық-модульдік тазарту құрылыстары мен магистральдық кәріз желілері салынады. Олардың әрқайсысының алдын ала құны — шамамен 1 млрд теңге. Туристік маусымда жағалау аумағынан қоқыс шығару жұмыстарына 73,7 млн теңге қосымша қаржы қарастырылған, — делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, бұған дейін биыл жазда Алакөлге қосымша 9 пойыз қатынайтынын жазғанбыз.