Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: istockphoto.com
Дәрігерлердің мәліметінше, науқас ауруханаға түскен кезде оған ауыр аралас политравма диагнозы қойылған. Сол жақ аяғы оқиға орнында толықтай үзіліп кеткен. Ал оң жақ аяғында сүйек, жұмсақ тіндер, қан тамырлары мен жүйке талшықтары жаншылып, аса ауыр зақымданған.
Сонымен қатар, зардап шегуші шок жағдайында болып, көп қан жоғалтқан.
Әйелдің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл операция жасаған. Алайда екі аяқтағы зақымдануы ауыр болуына байланысты оларды ампутациялауға тура келген.
18 шілдедегі мәлімет бойынша, науқас әлі де Алакөл аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр болғанымен, оң динамика байқалып отырғанын айтады.
Қазір әйелдің есі анық, өздігінен тыныс алады, жағдайы тұрақты.
«Науқас тәулік бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болып, қарқынды ем қабылдауды жалғастырып жатыр», деп хабарлады Алакөл аудандық орталық ауруханасы.
Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.