Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Құтқарушылар патрульдеу кезінде жағадан сегіз метр қашықтықта батып бара жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке келген. Олар азаматты судан шығарып, жағаға жеткізді.
Құтқарылған ер адам әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз мүмкіндіктерін шамадан тыс бағаламауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырды.