Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2026 жылғы 16 шілдеде Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында демалып жүрген егде жастағы әйел ауыр жарақат алды.
"Әйел арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Сол аумақта жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқан. Осы кезде әйелді шағын су көлігі қағып кеткен. Соның салдарынан оның екі аяғы да ауыр жарақат алып, ампутация жасауға тура келген. Зардап шеккен әйел Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді",- деп мәлімдеді жағдайдың мән-жайын Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Алакөл аудандық полиция бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бұдан бөлек, 17 шілдеде Алакөлдегі Ақши ауылында екі гидроцикл соқтығысты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Осы қайғылы оқиғалардан кейін полиция шағын су көліктері мен гидроцикл иелеріне үндеу жасады.
"Баршаңызды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Су көлігін қауіпсіз жылдамдықпен жүргізіңіздер, арақашықтықты сақтаңыздар және барынша мұқият болыңыздар. Осы талаптарды сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтауға көмектеседі", – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін Алматы маңында мас күйде көлік тізгіндеген бойжеткен жер үйдің қоршауын бұзып өтіп, екі адамды жарақаттағанын жазғанбыз.