Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
- Жыл сайын Алакөл жағалауы қысқарып, туризм нысандарына қауіп төндіріп жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі де айтты. Осыған байланысты қауіпті 360 метр жағалау анықталып, былтыр күзде 120 млн теңгеге 60 метр аумақта жағаны бекемдеу жұмыстары атқарылды, - деді ол.
Айтуынша, соның арқасында 300 орындық 3 демалыс орны су басу қаупінен құтқарылған.
- Ал қалған барлық жағалауды нығайтуға қаңтар айында жалпы құны 15,2 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжатнама әзірленді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады, - деді Берік Уәли.
Сондай-ақ, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алакөлдің жағасын бекемдемесе, бірнеше демалыс базасы суға кететінін айтты.