Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы – 1 274 км. Өзеннің оң жағалауында 380,37, сол жағалауында 244,75 км қорғаныс бөгеттері бар. Өңірдегі 7 аудан мен 4 қаладан, 230 ауылдық елді мекеннен өтетін дария жағалауындағы 31 ықтимал су басу аймағында 36 елді мекен орын тепкен.
Бұрын дария жағалауындағы жұрт көктем туа қарбаласып жататын. Арнаны шіреген мұз еріген сәтте талай бөгетті жырып кетіп, мыңдаған адам талай мәрте қауіпсіз аймаққа көшірілген. Кейінгі жылдары дарияның деңгейі қыста да көтерілмей, мұндай дүрбелеңді байқағанымыз жоқ. Дегенмен төтенше жағдай саласы өкілдері техникаларын сайлап, қауіпті аймақтарды бақылауда ұстап отыр.
«Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, ақпанның аяғы мен наурыздың басында сең толық жүре бастайды. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жеткілікті, қабылдау, эвакуациялау пункттері дайын. Жағдайды қалт жібермей қадағалап отырған облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының дерегінше, қазір Шардара су қоймасынан дария арнасына секундына 300 текше метр су түсіп жатыр. Оның басым бөлігін Көксарай су реттегіші қабылдап, облыс аумағына 106 текше метрі келіп тұр. Төтеншеліктер былтыр су көлемі бұдан үш есе көп болғанын айтады.
– Әрине, су көлемі аздығын малданып қарап отырмаймыз. Су тасқыны бола қалған жағдайда қажетті 117,9 тонна жанар-жағармай, 139 902 қап, 17 710 бау қамыс, 5 865 пашын, 239 тонна қойтас, 2 381 қарабура секілді инертті материал жинақталды. Қауіп төне қалған жағдайда көмекке облыста 135 мекеме, 410 техника, 1 234 адам бекітілген. Біздің тарапымыздан 123 адам, 23 техника, 6 жүзу құралы, 33 мотопомпа, 2 тікұшақ дайын, – дейді департаменттің басқарма бастығы Асхат Оразбеков.
Су тасқыны бола қалған жағдайға лайықталып 51 жинақтау, 70 қабылдау пункттері дайындалды. Мұз жару жұмысымен айналысатын мамандандырылған ұйым да сақадай сай тұр.
Өңірде 2025–2026 жылдары жазғы-күзгі мезгілдерде су тасқынының алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралардың инженерлік жоспары бекітілген. Былтыр жоспарға енген 9 нысанда жұмыс жүріп, жергілікті атқарушы орган мен су шаруашылығы мекемесінің мамандарынан құрылған жұмысшы топ гидротехникалық құрылғыларды зерттеді.
Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы да қамсыз емес. Басқарма өкілдері өзен арнасынан аса қалса мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында тікұшақ қызметін пайдалануға, мұз жару жұмыстарына, өзге де қажетті материалдарға бюджеттен қаржы бөлінгендігін айтады.
Жақында бұл мәселе «Amanat» партиясының облыстық филиалында да қаралды. Партиялық бақылау комиссиясының отырысына жиналғандар аймақтың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық тек маусымдық сипаттағы жұмыс емес, аймақ қауіпсіздігіне тікелей қатысты стратегиялық бағыт екенін атап өтті. Сол тұрғыда өзен арнасындағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, қорғаныс бөгеттерінің беріктігі, халықты уақтылы хабардар ету жүйесінің дайындығы әркез қатаң бақылауда болуға тиіс.
ҚЫЗЫЛОРДА
Соңғы жаңалықтар
Тұлға • Бүгін, 08:20
Сұхбат • Бүгін, 08:15
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Басылым • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Қоғам • Бүгін, 00:28
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қаржы • Бүгін, 00:13
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05