Алаңға жайдан жай шықпаймыз : қақпашы Темірлан Анарбеков Арсеналға қарсы матч туралы пікір білдірді

28.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Лондонда өткен баспасөз алаңында бүгін Арсенал клубына қарсы өтетін матч жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ASnews.kz мәліметінше, футболшы Англия чемпионатына бала кезінен қызығып өскенін айтты.

— Бала кезімнен АПЛ командаларының ойындарын көріп өстім. Мұндағы эмоция мүлдем бөлек. Алла қаласа, ойын барысында қандай сезімде болатынымызды көреміз. Біз Чемпиондар лигасында мықты қарсыластарға қарсы бірнеше матч өткіздік. Алаңға жайдан-жай шықпаймыз, жүз пайыз дайын боламыз, — деді Анарбеков.

Сондай-ақ қақпашы Чемпиондар лигасындағы үздік 20 ойыншының қатарына енгенін атап өтті.

— Чемпиондар лигасының топ-20 ойыншысының қатарына кіру мен үшін қысым да, кедергі де емес. Біз күн сайын бар күшімізді салып жүрміз. Осы орайда командаластарыма алғыс айтқым келеді, — деді ол.

Еске сала кетейік, Арсенал мен Қайрат арасындағы Чемпиондар лигасының соңғы тур ойыны Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. Кездесу бүгін Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью