Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Еліміздің шекарасын бекіту және тұтастығын сақтап қалу жолында күрескен қайраткер тұлға, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры, ағартушы Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде алғаш рет оқушылар арасында «Әлімхан әлемі» зияткерлік байқауы және математикадан Ермеков олимпиадасы өтті. Алдымен білім ордасында Алаш қайраткерінің ерлікке толы өмір жолына арналған мұражай ашылды.
2024 жылғы білім ұясына Әлімхан Ермеков есімі берілді. Мектептің сыртқы қабырғасына алаш қайраткерінің мұралы салынды, авторы – Алмас Сырғабай. Кіреберісіне Ә.Ермеков мүсіні орнатылды, авторы – белгілі қолөнерші, мүсінші Асхат Оразғалиев.
Мектепте өткен салтанатты іс-шараға алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, ақын, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ, Ә.Ермеков әулетінен Фарида Хасенқызы, ермековтанушы Жанна Қыдыралина, композитор Кентау Назарбек, басқа құрметті меймандар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Игілікті іске атсалысқан азаматтар Әлімхан Ермеков медалімен марапатталды.
№38 мектеп-лицейдің директоры Қадырғазы Мұқанов: «Мектеп-лицейдің осындай Алаш арысының есімін иеленуі үлкен мәртебе әрі бізге зор жауапкершілік жүктейді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында көп жұмыс атқарылды. Жас ұрпақтың бойына Әлімхан Әбеуұлының асыл қасиеттерін сіңіру мақсатында 9-сыныпқа арналған «Әлімхантану курсы» бекітілді. Ол қала көлемінде пайдалануға ұсынылды. «Тұлғадан – тәлім» айдарымен мектепте алаштану ғылымы жолында тер төгіп жүрген ғалымдармен кездесулер ұйымдастыру ісі қолға алынды. Ғалымның ұрпақтарымен байланыс орнатылды. Еліміздің әр өңіріндегі Ә.Ермековтің есімін иелеген мектептер арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Көптеген ізденіс нәтижесінде бұрын кітаптарда жарияланбаған, ғылыми айналымға толық енбеген фотосуреттері қолымызға түсті. Соның бәрі мектептегі мұражай қорында», деді.
Филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай: «1987 жылы ҰҚК мұрағатын ақтарып отырып, Әлімхан Ермековтің ісіне үңілгенімде, «келешекте есімі ұлықталып, туған халқына еңбегі мен мұрасы жетсе екен» деп, ұзақ ойланып қалғаным есімде. Әлімханның ісі 17 том, оның бәрін жазу мүмкін емес. Күбірлеп оқып отырдым. Жапониядан алдырған кішкентай магнитофоным болды, соған жазып алдым. Бүгінгі таңда Алаш арысының өз ұлтына оралып, осылай насихатталып отырғанына бек қуаныштымын. Жанқиярлық ерлік жасап, Әлімхан Ермековтің арымен, сөзімен, нақты дәлелдерімен қорғап қалған Қазақстан аумағында бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміз қалыптасты», дей келіп, оқушыларға: «Сіздер Әлімхан Ермековтей атына заты сай, өжет, білімді, әділ, мәдениетті қайырымды болып өсіңдер», деді.
Сондай-ақ «Әлімхан әлемі» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Онда Алаш арысының өмірбаяны, ой-толғамдары енген, құнды деректер мен әр жылдардағы фотошежірелер қамтылған. Белгілі ғалым Т.Жұртбайдың «Түрме әпсаналары» зерттеу еңбегіндегі Ә.Ермековті тергеу материалдары бар. Осы басқосуда жас жазушы Біржан Ахмердің «Жер үшін жанталас» тарихи-деректі драмасынан үзінді қойылды.
Айбатыр СЕЙТАҚ,
ақын, журналист
Соңғы жаңалықтар
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Саясат • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады
Саясат • Бүгін, 07:55
Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі
Саясат • Бүгін, 07:50
Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты
Саясат • Бүгін, 07:45
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Бокс • Кеше
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Кеше
Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Банк • Кеше
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Кеше
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Кеше
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Кеше
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Кеше