Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алатау қаласында ұшатын такси мен жеткізуші дрондардың алғашқы үлгілері көрсетілді. Tengri Life тілшілері таныстырылымға қатысып, бұл көліктер жолаушыларды, тағамдар мен басқа да тауарларды қашан тасымалдай бастайтынын білді.
Алатау қаласында ұшатын такси мен жеткізуші дрондардың алғашқы үлгілері көрсетілді. Tengri Life тілшілері таныстырылымға қатысып, бұл көліктер жолаушыларды, тағамдар мен басқа да тауарларды қашан тасымалдай бастайтынын білді.
5 жолаушы және сағатына 200 шақырымТаныстырылымда қытайлық AutoFlight компаниясының eVTOL (electric Vertical Takeoff and Landing) тік ұшып-қонатын электр аэротаксиі әуеге көтерілді.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Қонақтарға бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity моделі көрсетілді.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Аэротакси сағатына 200 шақырымға дейінгі жылдамдықты үдетеді. Құрылғы 13 электр қозғалтқышымен жабдықталған және CO₂ қалдықтарын шығармайды.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Көрсетілім ұшырылымы жолаушыларсыз өтті. Мұндай шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Құрылғы қашықтан басқарылды: ұшқыш жерде болып, ұшу барысын ұшу алаңы жанындағы кабинадан бақылап отырды.
Аппарат ауада 10 минуттай болып, "сегіздік" фигурасын жасап, бастапқы нүктесіне оралды.
Видеоны ұйымдастырушылар ұсынды
AutoFlight компаниясының бірінші вице-президенті Келлен Ши (Kellen Xie) жобаның техникалық жағын егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше, әзірлеушілер ұшу аппаратының үш моделін жасаған:
жүк тасушы; өрт сөндіруші; жолаушыларға арналған.Жүк тасушы және өрт сөндіруші нұсқалары толықтай дербес, адамның қатысуынсыз жұмыс істейді.
Келлен Ши (Kellen Xie) / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
"Аппарат бір қуатпен шамамен 1 сағат 10 минут ұшып, 250 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Ұшудың максималды биіктігі шамамен 3 000 метр, ал көтере алатын ең жоғары салмағы 450 келіге дейін", – деді AutoFlight вице-президенті.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Топ-менеджер болашақ жолаушылар моделі суперчарджерлер жүйесімен жабдықталатынын айтты. Осының арқасында аккумулятор небәрі 45-50 минут ішінде нөлден 100 пайызға дейін қуат алады.
"Аппараттың қанат жаюы 15 метрге жетеді, сондықтан ұшып-қону үшін диаметрі 30 метрдей алаң жеткілікті, құрылғы тік ұшып, тік қонады", – деп толықтырды ол.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd (AAAG) компаниясы осындай 50 аппаратты сатып алу туралы меморандумға қол қойды. Компания өкілдері инфрақұрылымды дамытуды, қызмет көрсетуді және персоналды оқытуды жоспарлап отырғандарын айтты.
Қазақстанда аэротакси қашан іске қосылады және ол қайда ұшады?Таныстырылымда журналистерді қызықтырған басты сауал: мұндай аппараттар Қазақстанда жолаушыларды қашан тасымалдай бастайды? AAAG жоба менеджері Данияр Өтеулин мерзім аппараттарды сертификаттауға және инфрақұрылымды дайындауға байланысты екенін айтты.
Оның сөзінше, алғашқы коммерциялық рейстер 2029 жылға қарай басталуы мүмкін.
"Бұл тек Алатау қаласы әкімшілігіне емес, аталған аппараттарды сертификаттауға байланысты. Бұл қауіпсіздік пен тиімділікті сертификаттау. Сертификаттаудан өткен соң, біз 2028 жылдың соңы – 2029 жылдың басында алғашқы тестілік коммерциялық операцияларды іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
Данияр Өтеулин / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Тағы бір қызықты мәселе – ұшу бағыты. Спикер қазіргі уақытта бұл мәселенің Қазаэронавигация мен Қорғаныс министрлігін қоса алғанда, тиісті ведомстволармен талқыланып жатқанын түсіндірді.
Аэротаксилер қайда қонады?"Қала тұрғындары мен жолаушылар үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағыттар анықталады. Бұл бір сәттік процесс емес, ол біраз уақытты алады. Барлық мүдделі мемлекеттік органның қатысуымен біз осындай маршруттарды әзірлеп, кейін оларды енгізе аламыз", – деді ол.
Ұшу аппараттарының ұшып-қонуы үшін вертипорттар деп аталатын қуаттау инфрақұрылымы мен навигациялық жүйелері бар жерүсті алаңдары қолданылады.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай алаңдарды қалалық ортаға: ғимараттардың шатырына, көлік тораптарына және бизнес-кластерге біріктіруге болады. Вертипорттарды жобалаумен UrbanV халықаралық компаниясы айналысады.
Вертипорт макеті / Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды
Осындай вертипорттардың бірі таныстырылымда көрсетілді. AAAG өкілі алаңның әлі толық аяқталмағанын атап өтті: мұнда терминал, яғни жолаушылар рейсті күтетін аймақ жетіспейді. Оны бөлек салу жоспарланған.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Өтеулиннің айтуынша, тек Алатаудың өзінде төрт вертипорт орналастыру жоспарланып отыр.
"Біз Алатау қаласының әрбір төрт дистриктісінде төрт вертипорт салуды жоспарлап отырмыз. Қазір сіздер ең алғашқы вертипорт бой көтеретін Golden ауданында тұрсыздар. Бұдан бөлек, Алматы халықаралық әуежайымен келіссөздер жүргізіп, Алматыда вертипорт пен қала ішінде бірнеше нүкте ашуды көздеп отырмыз. Қазір олардың нақты орналасуына қатысты талқылау жүріп жатыр", – деп түсіндірді ол.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Өтеулин вертипорттардың құрылыс мерзімі қаланың дамуына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматы әуежайы маңындағы алаң басымдыққа ие, алайда алдымен ұшу аппараттарының сертификаттау процесін аяқтау қажет.
Сондай-ақ ол ұшырылымдар жылдам өтетінін қосып өтті, мысалы, Алматы әуежайынан Алатауға дейінгі жол аэротаксимен шамамен 10 минутты алады.
Мұндай таксилер қанша тұрады және жобаны кім қаржыландырады?AutoFlight өкілі Келлен Ши Қытайда мұндай аппараттар қолданылып жатқанын, бірақ әзірге тек логистика үшін екенін хабарлады. Әлемде толыққанды коммерциялық жолаушылар рейстері әлі жоқ.
Ол құпиялылыққа сілтемеп, ұшу аппаратының нақты құнын ашпады, бірақ болашақта мұндай машиналар шамамен премиум-кластағы автомобильдермен бағасымен шамалас болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Қазір әлемде мұндай типтегі аппараттар үшін коммерциялық жолаушылар рейстері жоқ. Бұл жаңа технология. Бірақ болашаққа болжам жасасақ, шамамен 5-10 жылдан кейін бағасы люкс класындағы көліктердің құнынан сәл ғана жоғары болады", – деп түйіндеді AutoFlight аға вице-президенті.
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынған
Сонымен қатар AAAG өкілі Данияр Өтеулин жобаның толықтай жеке қаражат есебінен қаржыландырылатынын, ал мемлекет реттеу шараларына көмектесетінін айтты.
Анықтама: AAAG мәліметінше, бұл жоба үшін 40-қа жуық нормативтік-құқықтық акт, яғни Alatau City-дің "әуе кодексі" әзірленіп жатыр. Ұлттық авиация заңнамасына түзетулер енгізу туралы жоба Мәжілістің қарауына ұсынылып қойған.
Таныстырылым барысында қонақтар мен журналистер алдында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те сөз сөйледі. Ол жобаға тартылатын жеке инвестиция көлемі шамамен 250 миллион долларға бағаланып отырғанын айтты.
"Жоспарланған 250 миллион доллар көлеміндегі қаржыландыру Alatau City-дің болашағына және Қазақстанның озық авиациялық мобильділіктің аймақтық орталығы ретіндегі әлеуетіне деген жоғары сенімді білдіреді. Бүгінде еліміз жаһандық технологиялық өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың белсенді бөлшегіне айналып, болашақты өз бетінше қалыптастыра бастады", – деді аймақ басшысы.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Тағамдарды дронмен жеткізуЕгер аэротаксилердің алғашқы ұшырылымы 2029 жылға қарай күтілсе, дронмен жеткізу қызметтері Қазақстан тұрғындарына жақын жылдары қолжетімді болуы мүмкін.
Аэротаксидің көрсетілімдік ұшырылымынан кейін қонақтарға пилотсыз жеткізу жүйелерінің жұмысы көрсетілді. Жобада Keeta Drone (Қытай) және A2Z (АҚШ) компанияларының технологиялары қолданылған.
UATM цифрлық навигациялық платформасын Korea Airports Corporation және Shenzhen Urban Transportation Planning Center әзірлеген.
Keeta Drone өкілдері қонақтарға көшедегі постаматтарға ұқсайтын терминалды көрсетті.
Жұмыс принципі қарапайым: қолданушы қосымша арқылы тамаққа немесе басқа тауарларға тапсырыс береді, ал дрон оларды терминалға әкеледі, сол жерден адам тапсырысын өзі алып кетеді.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Айта кетейік, шарада Alatau City Bank акционері және AAAG серіктесі Вячеслав Ким дронмен жеткізу жүйесі арқылы кофеге тапсырыс берді.
Вячеслав Ким дронмен жеткізу жүйесі арқылы кофеге тапсырыс беріп жатыр / Фотоны ұйымдастырушылар ұсынған
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынған
Вячеслав Ким жобаның маңызы мен жаңа құқықтық режим туралы айтып берді.
"2024 жылғы 8 мамырда Мемлекет басшысы "Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы" Конституциялық заңға қол қойды. Бұл бұған дейін атқарылған барлық жұмыстың сәттілігін айғақтайтын және әлемдік экономиканың болашағын айқындайтын жоғары технологиялық бағыт – төмен биіктіктер экономикасы сияқты бастамаларды іске асыруға негіз болатын маңызды кезең. Мемлекет басшысының стратегиялық курсы аясында Қазақстанның әлемдегі жетекші технологиялық державалардың бірі ретінде қалыптасуына тікелей атсалысу мен және менің командам үшін үлкен мәртебе", – деді Вячеслав Ким.
Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында UAM Center Eurasia қалалық әуе мобильділігі орталығын құруға және халықаралық технологиялық серіктестерді тартуға мүмкіндік туғанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Алатау ерекше мәртебеге ие болды: Тоқаев заңға қол қойды
Сонымен қатар, америкалық A2Z компаниясы басқа форматты – постаматсыз, тікелей клиенттің қолына жеткізу жүйесін таныстырды.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынған
Данияр Өтеулиннің айтуынша, жүйе дрондардың жұмыс радиусын кеңейтетін және оларды қуаттауға көмектесетін діңгектерді пайдаланады.
"Егер кәдімгі дронның радиусы, мысалы, 20 шақырымға жуық болса, мұндай діңгектер оны ұзартып, тиеу және түсіру нүктелерін белгілейді, сонымен қатар дрондарды қуаттандыруға көмектеседі. Бұл жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа инфрақұрылым қалыптастырады", – деді ол.
Ол бұл шешімдердің жиынтығы қалалық логистика мен әуе кеңістігін басқарудың жаңа моделі – "төмен биіктіктер экономикасын" құрайтынын айтты.
Өтеулин AAAG компаниясының Қазақстандағы ірі сауда желілері бірімен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
Алғашқы сынақ ұшырылымы: Көлік министрлігі не деді?"Біз Қазақстандағы ең ірі сауда желілері бірімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, олар пилоттық жоба аясында жеткізу мүмкіндігін айтарлықтай байыппен қарастырып жатыр. Жұмысты биыл бастаймыз деп үміттенеміз", – деді ол.
Бұған дейін, 19 мамырда Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев журналистерге Алатауда аэротаксидің сынақ ұшырылымы өткенін хабарлаған болатын. Дрон түсірілген бейнежазба желіде тарады.
Журналистер қарапайым қазақстандықтардың әуе таксиімен жүруге жағдайы келе ме деп сұрады. Нұрлан Сауранбаев бұл әлемдік нарық үшін жаңа өнім екенін, сондықтан жол жүрудің нақты құнын әзірге ешкім айта алмайтынын еске салды.
Аэротакси туралы алғаш рет қашан айтыла бастады?"Бұл жалпы әлемдегі жаңа өнім, қазір ол сынақ режимінен өтіп жатыр. Сондықтан бүгінде ешкім есеп-қисап жасай алмайтыны түсінікті. Қазір бақылайтын боламыз. Сынақ өтеді. Қазір қону аймақтарының құрылысы, осы аппараттарды сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Кезінде көптеген қызмет жаппай қолданысқа ие болмағандықтан қолжетімсіз болған. Болашақта көлік жетілдірілген кезде бәрі өзгереді деп ойлаймын", – деді ол.
Аэротаксиді іске қосу туралы 2024 жылы айтыла бастаған. Сол кезде Үкімет отырысында Алатау қаласын дамыту жоспары талқыланған болатын. Қатысушылар Алатау мен Алматыны байланыстыруы тиіс Urban Air Mobility әуе көлігін енгізу мәселесін қарастырды.
Кейін, 2026 жылғы 20 наурызда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев америкалық Joby Aviation және қытайлық AutoFlight компанияларымен келісімдер туралы хабарлады. Ол кезде Қазақстан бірнеше ондаған дрон сатып алуды жоспарлап отырғанын атап өткен еді.
Оның айтуынша, аэротакси жолаушыларды Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10 минутта жеткізе алады. Сол кезде Бозымбаев сынақ ұшырылымын іске қосу алдағы 2-3 жылда күтілетінін айтты. Әлеуетті туристік ағын жылына сегіз миллион адамға бағаланған болатын.
Неге Алатауда? Мән-жайыАлатау қаласы Қазақстанда 2024 жылы Жетіген ауылы негізінде құрылды. Үкімет оның бас жоспарын бекітті. Бұл ретте Іле және Талғар аудандарының, сондай-ақ Қонаев қаласының шекаралары өзгертіліп, аумақтардың бір бөлігі жаңа қала құрамына енді.
Алатау инвестиция мен іскерлік белсенділіктің жаңа орталығы ретінде жоспарланған. Ірі халықаралық компаниялармен көп миллиардтық келісімдер жасалды. Олардың бірі Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысқан және енді Alatau City жобасымен жұмыс істейтін болады.
Қаланы "цифрлы" ету жоспарланған, бірақ бұл қолма-қол ақшасыз төлемдер немесе пилотсыз такси туралы ғана емес. Билік оны жолдар, көлік, жарық, коммуналдық қызметтер мен тұрғындарға арналған сервистері заманауи технологиялардың көмегімен жұмыс істейтін толықтай цифрландырылған қалаға айналдырғысы келеді.
2025 жылғы қыркүйекте Алатау ерекше мәртебеге ие болды. Президент бұл мәртебе қаланың мемлекеттік тиесілігін өзгертпейтінін, тек инвестиция салу мен бизнес жұмысын жеңілдету үшін салық, қаржы және реттеу саласында дамудың арнайы шарттарын енгізетінін нақтылады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу