Alatau City және инвестициялық жоспар

12.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: үкімет

Сапардың іскерлік бағдарлама­сының жалғасы ретінде Қанат Бозым­баев пен Джон Ли Гонконгтың ірі инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, технологиялық компаниялары мен іскерлік қауым­дастықтарының өкілдерін біріктірген Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Қатысушылардың назарына Мем­­лекет басшысының тапсырмасы бо­йынша құрылып жатқан жаңа эко­номикалық өсу орталығы – Alatau City-дің инвестициялық әлеуеті ұсынылды. Сонымен қатар арнайы құқықтық режімнің мүмкіндіктері, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ қаржы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, Web3-индустриясы және инновациялық қалалық инфрақұрылым сала­ларын­дағы ынтымақтастықтың перспекти­валық бағыттары таныстырылды.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қанат Бозымбаев Қазақстанның Гонконгты Азиядағы жетекші халықаралық қаржы орталық­тарының бірі және инвестициялар, технологиялар мен құзыреттерді тарту үшін маңызды алаң ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Гонконг әлемдік қаржы жүйесінде ерекше орын алады және халықаралық инвестициялар, капиталды басқару және трансшекаралық жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі алаңдардың бірі болып қала береді. Дәл сондықтан біз үшін Алатау жобасын Гонконгтың инвести­циялық және іскерлік қоғамдасты­ғына таныстыру маңызды. Қазақстан та­рихында алғаш рет түсінікті қағи­да­ларға, инвесторлардың құқық­тарын қорғауға, сондай-ақ реттеудің үздік халықаралық стандарттарына ба­сымдық бере отырып, Гонконг­та қол­данылатын тәсілдермен көп жағдайда үндес келетін арнайы құқықтық режімі бар қала құрылып жатыр», деді Қ.Бозымбаев.

Өз кезегінде Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли серіктестікті кеңейтуге мүдделілігін атап өтіп, екі тараптың бизнес-қоғамдастықтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға қолдау білдірді.

Дөңгелек үстел аясында Alatau City Authority мен цифрлық технологиялар және инновациялар салаларындағы жетекші корпорациялар арасында ынтымақтастық туралы 6 келісімшарт пен меморандумға қол қойылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью