Алатау қаласы әкімінің басты қызметі не болмақ

20.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Өздеріңіз білесіздер, Алатау қаласы Алматы облысының түрлі ауыл ауданының бөліктерінен құраған. Әзірше, қаланы дамытуға байыпты қандай да бір қадам жасала қойған жоқ. Сондықтан енді ғана алғашқы байыпты қадамдар жасау керек және заң соған арналған.

Алатау қаласында нақты бөлініс болады. Әкім мен мәслихат әлеуметтік сала, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылығы сынды ағымдағы мәселелермен айналысады.

Оның өзі бюджеті болады. Alatau City Authority-дің мемлекеттік қоры жасақталады. Ол мемлекеттік орган сияқты. Оның өз даму бюджеті болады. Ол дамумен айналысады, яғни аталған қаланы дамыту стратегиясын жасайды. Олар Алатау қаласы үшін заң сияқты болатын барлық актілерді дайындап, оны Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес қабылдайды. Кеңесті Премьер-министр басқарып, құрамын Президент бекітеді. Кемінде үште бірі тәуелсіз директорлар болады, — деді вице-премьер Парламенттің бірлескен отырысынан кейін.

Оның нақтылауынша, Alatau City Authority қаланы дамыту, инвестиция тарты, үлкен инфрақұрылымдарды іске асырумен айналысады. Әкімдік пен қордың бюджеті әртүрлі болғанымен бір-бірін толықтырып отырады.

— Қала әкімін кеңес тағайындайды. Қазір әкімді Алматы облысының әкімі тағайындайтынын білесіздер. Бірақ, Президент тапсырмасына сәйкес, бұл қала орталықтандырылған бағынысқа өтеді, яғни кеңес тарапынан тағайындалады. Әкімнің негізгі қызметі сити-менеджерлік, яғни, нағыз атқарушы билік болады. Оған ештеңені ойлап табудың қажеті жоқ. Жоспарларды еліміздің және шетелдік ең үздік ақыл-ой иелері әзірлейді, — деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Парламент бүгін Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью