Алатау қаласында боран салдарынан зақымданған нысандар түгенделіп жатыр

09.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше түнгі уақытта болған боран салдарынан инженерлік желілер зақымданып, түрлі нысандардың шатыры ұшқан.

Фото: Алатау қаласының әкімдігі Фото: Алатау қаласының әкімдігі

Ағаш құлау деректері де бар.

Фото: Алатау қаласының әкімдігі

Әкімдік тұрғындардан істен шыққан желілер бойынша жергілікті атқарушы органға хабарласуды сұрады.

Фото: Алатау қаласының әкімдігі Фото: Алатау қаласының әкімдігі

— Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Инженерлік желілердің зақымдануы туралы ақпаратты +7 707 631 95 70 нөміріне WhatsApp арқылы жолдауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алатау қаласының әкімдігі Фото: Алатау қаласының әкімдігі

Еске салайық, Қонаев қаласында да қатты желден тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге зақым келді. Бүгін қалада 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью