Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алатау қаласының тұрғыны туғаннан бері жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз және жеке сәйкестендіру нөмірінсіз өмір сүріп келген, деп хабарлады Бас прокуратура.
Анықталғандай, 1980 жылы анасы оның тууын АХАТ органдарында тіркемеген. Сол кезеңдегі медициналық мұрағаттардың сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылуы салдарынан құжаттарды соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған.
"Жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған, ал әпкесінің бұған дейін берген өтініші қанағаттандырылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап қоюмен жүгінді.
Сот талапты қанағаттандырды. Енді әйел тиісті құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми түрде жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады.