Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алатау қаласында алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды.
Жаңа құрылғы желінің өткізу қабілетін арттырып, жоғары жылдамдықты интернетті қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жайлы қалалық телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңесінде хабарланды. Жиында 2025-2027 жылдарға арналған Алатау қаласын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына қол қойылды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін барлық мектептер сапалы интернетке қол жеткізеді.