Алатауда ұшып жүрген аэротаксидің техникалық сипатамасы жарияланды

19.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Алатауда сынақтан өтіп жатқан аэротаксидің техникалық сипатамасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алатауда кеше ғана аэротаксидің бір үлгісі сынақтан өткізілді.

"Бұл - қытайлық "AutoFlight" компаниясының аппараты. Ол 250 шақырымға дейін ұша алады. Максималды жылдамдығы - сағатына 200 шақырым. Қазіргі кезде осы ұшу аппаратының сынақтан өткізу басталды", - деді Ластаев үкіметте өткен брифингте.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев сағатына 320-340 шақырыммен ұшатын аэротаксилер туралы айтқан болатын. Онымен Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10-12 минутта баруға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью