Алатаудың ерекше мәртебесі: қаланы кім басқарады

20.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын кім басқаратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаладағы Alatau City Authority, яғни әкімшілік жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады.

"Оның негізгі бағытын премьер‑министр басқаратын кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады. Кеңес қаладағы негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді", - деді Бозымбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қала әкімдігі мен мәслихат әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелеріне жауап береді.

Айта кетері, үкімет Алатау қаласына арнайы мәртебеден бөлек салық режимін өз бетінше жүргізуге құзірет беруді де ұсынып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью