Алатаудың ерекше мәртебесі: үкімет қазіргі жер иелеріне кеңес берді

20.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында жалға берілген және сатылған жерлер қандай жағдайда мемлекетке қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі кезде қала аумағына кіретін 27 мың гектар жер бұрын ауыл шаруашылығы үшін ұзақ мерзімге жалға берілген.

"Осы жерлердің иелері қаланың бас жоспары бойынша инвестор тауып, бірлескен жобаларды қолға алуы қажет. Оған қоса, қала әкімшілігінің бизнес лицензиясы болуы шарт. Әйтпесе, екі жылдан кейін салық мөлшерлемесі 10 есеге өседі, ал тағы бір жылдан кейін 15 процентке артады. Сосын мемлекет оларға өз шаруашылығын жүргізу үшін тура сондай жерді басқа аудандардан бере алады. Өтемақы да болады. Мәселені шешудің тағы бір жолы – жалға алу құқығын мемлекетке сату. Артынан біз ол жерді инвесторларға нақты салалар бойынша 99 жылға дейін жалға береміз", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.

Бұдан бөлек, қаладағы жерлердің 40 проценті – 37 мың гектары бұрын жеке меншікке сатып алынған.

"Осы жерлердің иелеріне де тура сондай талап қойылады. Екі жылдан кейін салықтың мөлшері өседі. Басқа біреуге сатып жіберсе де, салық жоғары болады. Осылайша, оларға жерді сатуға, тапсыруға немесе дамытуға тура келеді. Біз бәрін бас жоспарға сай жасаймыз", - деп атап өтті вице-премьер.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью