Алатауға дейінгі SkyTrain: Тоқаев Алматы мен облыс әкімдеріне тапсырма берді: 02 маусым 15:27 жаңалықтар

02.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Алатау қаласының Алматыға іргелес орналасуы зор мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз екенін айтты. Әсіресе, сауда-экономика және көлік-логистика саласындағы байланыстарды едәуір кеңейтуге болады.

"Мұны аймақтағы билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуге тиіс деп санаймын. Сондықтан тағы да атап өткім келеді: Алатау қаласында, ең алдымен, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау керек. Жаңа кәсіпорындар ашылса, мұнда жұрт та көбірек келіп, тұрақтай бастайды. Бұл үрдіс Алматыға жұмыс бабымен күнделікті келіп-кететін халықтың санын азайтады", - деді Президент.

Президенттің сөзінше, күн сайын Алматыға облыстан 400 мыңға жуық автокөлік кіріп шығады. Алматы агломерациясындағы көлік қатынасын күшейту қажет. Соның ішінде жылдамдығы жоғары қоғамдық көлік жүйесін белсенді дамыту керек.

"Осыған орай, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, биыл бірінші тамызға дейін "Skytrain" желісін салу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл желі қаланың шекарасынан шығысқа және батысқа қарай тартылуға тиіс. Сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларын жалғайтын жүрдек қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін пысықтау қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

Президенттің айтуынша, жаңа шаһардың Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының бойында орналасуы және Алатау қаласын Қорғаспен қосатын теміржол тармағының жоспарлануы келешекте Алматы агломерациясының ауқымын кеңейте түседі.

"Яғни, ауқымды облыстық кластер пайда болады. "Almaty SkyHub" заманауи мультимодальді логистика орталығы өңірдегі маңызды жобалардың бірі болмақ. Осы өршіл жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, инвесторларды белсенді түрде тарту керек. Қазірдің өзінде сауда-логистика орталығын және қойма инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отырған әлеуетті серіктестердің, соның ішінде шетел компанияларының бар екенін білемін".

Мемлекет басшысы аталған мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет екенін қосты.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Тоқаев қоқыс полигондарындағы өрт мәселесін “шұғыл және түпкілікті“ шешуді тапсырды

2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 2 миллионнан асатын тағы бір қала пайда болады

Тоқаев Алатауда Дубай мен Сингапурдың инвестициялық моделін пайдалануды ұсынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью