Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Солтүстік Қазақстан полицейлері интернет-алаяқтықты анықтауға болатын сөз тіркестерін тұрғындардың есіне сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алаяқтар қоңырау шалған соң «sms-кодты жібер» деп дігерлеуді, «алаяқтық шабуыл жасалды», «сізге несие рәсімдегелі жатыр» деген үрейлі хабарларды, «ақшаңызды қауіпсіз жерге аудару керек» деген ұсынысты үнемі қолданады. Полиция осы тіркестер қолданыла бастаса телефонды бірден үзуді ұсынады.
Жуырда ғана тап осы сөздерді қолдану арқылы алаяқтар Петропавлдың бір тұрғынының 15,5 млн теңгесін қақшып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері қылмысты тергеп, оған қатысы бар адамдарды, соның ішінде ақшаны шетелге шығаруға пайдаланылған «дропперлерді» анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?