Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Соңғы уақытта алаяқтықтың жаңа тәсілі кеңінен таралып жатыр.
Қаскөйлер сатып алушыларды шектен тыс арзан бағамен қызықтырып, уақыт тығыз деген сылтаумен тауарға алдын ала төлем жасауға итермелейді.
Алайда ақша аударылған соң олар байланысқа шықпай, тапсырыс берілген тауар мүлде жеткізілмейді.
Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырды. – Сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз.
Банк картасының деректерін, сондай-ақ SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз.
Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласу қажет, - деп ескертті полициядан.
Бұған дейін жазғанымыздай, 67 жастағы әжей алаяқтардың арбауымен үйін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп, тіпті өз атына несие ресімдеген.