Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті интернет-алаяқтардың Apple мен PayPal атын пайдаланып, жалған хабарламалар таратып жатқанын мәлімдеді. Мәлімдемеге сәйкес алаяқтар азаматтарды қорқытып, жеке деректер мен аккаунттарға қол жеткізуге тырысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жанындағы Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, алаяқтар Apple және PayPal сервистерінің атын пайдаланып, iPhone сатып алынғаны туралы жалған электронды хаттар жіберіп жатыр.
Хабарламалар шынайы көрінуі үшін қаскөйлер appleid@id.apple.com мекенжайын қолданады. Хат мәтінінде пайдаланушыға оның атынан iPhone сатып алынғаны айтылып, төлемді тоқтату үшін «қолдау қызметіне» хабарласу ұсынылады.
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Көрсетілген нөмірге қоңырау шалған жағдайда алаяқтар Apple ID аккаунты бұзылғанын айтып, оны «қорғау» сылтауымен түрлі әрекеттер жасауға көндіреді. Атап айтқанда:
– құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатуды сұрайды;
– парольдер мен өзге де құпия мәліметтерді талап етеді;
– психологиялық қысым жасап, асығыс шешім қабылдауға итермелейді.
Мамандар азаматтарға цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Атап айтқанда, күмәнді сілтемелерге өтпеу, хаттағы телефон нөмірлеріне хабарласпау, ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру және бөгде қосымшаларды орнатпау қажет.
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Сонымен қатар екі факторлы аутентификацияны пайдалану ұсынылады.
Егер осындай күмәнді хабарлама келсе, бірден ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабар беру қажет екені ескертілді.
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Соңғы жаңалықтар
Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 16:35
15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 16:12
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Энергетика • Бүгін, 16:07
Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:50
Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:42
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
Әлем • Бүгін, 15:31
Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
Тағзым • Бүгін, 15:27
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Қоғам • Бүгін, 15:20
Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді
Экономика • Бүгін, 15:17
Министр: Елімізде интернет жылдамдығы 75 пайызға артты
Технология • Бүгін, 14:59
Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:50
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін ұлттық оператор институты құрылады
Қоғам • Бүгін, 14:20
Енді блогерлер жасырын саяси үгіт үшін жауапқа тартылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:10
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Парламент • Бүгін, 13:51
Қазан айынан бастап пайызсыз ипотека берілуі мүмкін: Бастапқы жарна қанша?
Ипотека • Бүгін, 13:40