Алаяқтарға алданып, баспанасын сатқан 49 адамның екеуі ғана істі сотқа жеткізе алған

24.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

- 2025 жылы 27 892 интернет-алаяқтық қылмысы жасалды (+24%, 2024ж. – 22 560). Олардың жалпы қылмыстар санындағы үлесі 29%-ды (96 354-тен), ал барлық алаяқтықтардың ішіндегі үлесі 61%-ды (45 806-дан) құрайды, - деп жазылған жауапта.

Жүргізілген талдаулар интернет-алаяқтықтар мынадай тәсілдермен жасалатынын көрсеткен:

- банк, полиция, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атынан – 8 554 (2024 ж. – 5 977);

- хабарландырулар арқылы тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем алу – 8 357 (2024 ж. – 7 716);

- инвестициялау сылтауымен – 3 110 (2024 ж. – 1 851).

- 27 892 интернет-алаяқтықтың 49 фактісі бойынша (0,175%) жәбірленушілер өздерінің тұрғын үй-жайларын үшінші тұлғаларға заңды түрде сатқаннан кейін алаяқтарға ақша қаражатын берген, бұл ретте мүлікті иеліктен айыруға қатысты олардың құқықтары бұзылмаған. Аталған фактілер бойынша 2 іс сотқа жолданды. Қалған істер бойынша тергеу жалғасуда, - дейді Бауыржан Әленов.

Еске салсақ, антифрод жүйелері арқылы 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью