Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бас прокуратура бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.
Күдікті 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға бірнеше рет жәрдемдескен.
Атап айтқанда, күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген.
Ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
— Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыс жасалғаннан кейін 4 сыбайлас әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, ал соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой таласап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған, — делінген хабарламада.
2025 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.
Айта кетелік Атырауда жоғалған отбасы жөнінде тың мәлімет таратқан хакер Түркиядан экстрадицияланатыны туралы жазған едік.