Алаяқтықтың жолын кесетін бағдарлама

21.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының 2-курс студенттері Нұрбол Оңалбеков пен Нұрбек Әбілдаев жуырда қауіпті сайттар мен сілтемелерді анықтайтын бағдарлама әзірледі. Олардың айтуынша, «PhishGuard AI» – цифрлық алаяқтыққа қарсы жұмыс істейтін интеллектуалды қорғаныс жүйесі.

Бұған дейін де топ болып ерекше балаларды қашықтан оқыту бағдарламасын жаса­ған жастар жаңа бағдарлама арқылы алаяқтықтың алдын кескісі келеді.

«Осыған дейін жасаған жобамыз университетте ұйым­дастырылған са­йыста бірінші орын алған. Ал Нұрбек екеуміз жаса­ған мына платформа веб-ресурстар мен төлем бетте­рін талдап, жалған сайттарды, күмәнді деректер енгізу формаларын және әлеумет­тік инженерия белгілерін анық­­тайды. Көпдеңгейлі талдау негізінде тәуекел деңгейі есептеліп, қорытынды жасалады. Жоба цифрлық қаржылық операциялар мен өзара онлайн әрекеттесу­дің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», дейді Нұрбол Оңалбеков.

Жобаны кәдімгі ноутбукпен облыстық Жастар орталығында әзірлеген. Оның барысында ментор­лары Алмат Қуанышбаев көп кеңес беріп, жол сілтепті. Осылайша, ай ішінде да­йындалған интеллектуалды қорғаныс жүйесінің авторлары жуырда «InnoFest Qyzylorda» инновация­лық жобалар фестивалінде 2-орын­ға ие болды.

Жоба авторлары брау­зерлік косымша сайт­тың қауіпті екенін анықтаса, дереу жауып тас­тайтынын айтады. Осыдан кейін қолданушы ол сайтқа кіре алмайды. Қазір «сыйлығыңды алып кет» деген мазмұндағы сілтеменің соңын­да қажетті ақпарат толтыру, қаржы жібе­руді сұрайтындар жиілеген. Ондай сайттарды осы қосымша­ның көмегімен тексеруге болады.

Қазір жастар жобаны жетілдіру үстінде. Жаңалық­ты құлағы шалғандар сұра­ныс беріп те үлгеріпті. Алда бағ­дарлама бірнеше сынақ­тан өткен соң алғашқылар қатарында облыстық полиция департаменті қолданып көрмек.

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью