Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Атырау қаласында «Өрлеу» ЖК заманауи құлпынай агрокешені іске қосылды.
Жылыжайда жаз бойы үздіксіз өнім беретін «Альбион», «Мурано», «Кабрилло» сияқты ремонтантты сұрыптарға жататын 2000 түп құлпынай өсірілуде. Жоба «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан.
Кәсіпкер Қуаныш Якудиннің айтуынша, алғашқыда небәрі 200 түптен басталған жылыжай бүгінде толық қуатында жұмыс істеп тұр.
Ендігі жоспар – жылыжайды кеңейтіп, көшеттер санын 4000 түпке жеткізу. Өнім әлеуметтік желілер арқылы тұрақты тапсырыс берушілерге ұсынылуда.
Жергілікті жерде өсірілген балғын құлпынайға сұраныс артып келеді.
Мұндай жобалар өңірде агробизнес саласының дамуына тың серпін беріп, тұрғындарды сапалы әрі табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгін, 17:24