Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 3, 4 және 5 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 3, 4 және 5 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы3 сәуір құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метр дейін соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +19...+21 градус жылы болады.
4 сәуірде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус жылы болмақ.
5 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +12...+14 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы3 сәуір құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градусқа дейін жылынады.
4 сәуірде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болады.
5 сәуірде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болмақ.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться