Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
«Қазгидромет» мамандары 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялап, ел аумағында ауа райының айтарлықтай құбылатынын ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Болжамға сәйкес, 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал желдің екпіні күшейеді.
Метеорологтар ел аумағы бойынша желдің күшеюі байқалатынын, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұру ықтималдығы барын айтады. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.
8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндізгі температура өңірлер бойынша мынадай деңгейде болады:
Батыста – 13-28 градус жылы; Солтүстік-батыста – 10-18 градус жылы; Солтүстікте – 5-13 градус жылы; Орталықта және шығыста – 8-18 градус жылы; Оңтүстікте – 17-26 градус жылы; Оңтүстік-шығыста – 15-22 градус жылы; Таулы аймақтарда – 8-13 градус жылы.«Қазгидромет» мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісіне дайын болуға шақырып, әсіресе үсік пен жауын-шашын кезеңінде сақтық шараларын ұстануды ескертеді.
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Соңғы жаңалықтар
Үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған: Сотта анасынан жәбір көрген балалар жауап берді
Оқиға • Бүгін, 13:02
Несиені төлеуге шамаңыз жетпесе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:28
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Парламент • Бүгін, 12:26
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Үкімет • Бүгін, 12:17
Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:01
АҚШ әуежайында ұшақ қону кезінде аударылып кеткен
Оқиға • Бүгін, 11:46
Төбелес шығарған «Реал» ойыншылары командадан шеттетілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 11:30
Илон Маск күдікті ретінде танылды: Париж прокуратурасы X компаниясына қатысты тергеу бастады
Әлем • Бүгін, 11:22
1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық тексеруі түбегейлі өзгереді
Медицина • Бүгін, 11:12
Көпірді тербетіп ойнаған: Өскемендегі оқыс оқиғадан 8 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Абай облысына таратпақ болған: Семей тұрғынының гаражынан 154 келі марихуана табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:45
Қазақстанда Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады
Құрылтай • Бүгін, 10:35
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Парламент • Бүгін, 10:28
Вице-президентті тағайындау тәртібі: Құрылтайдың рөлі мен жаңа лауазымның маңызы
Қоғам • Бүгін, 10:25