Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы +40 градусқа дейін ысуы мүмкін

15.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райына екі бірдей барикалық жүйе әсер етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты бұл аймақтарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал 18 мамырда батыс өңірлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

16-17 мамыр күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Сонымен қатар түнгі және таңғы сағаттарда солтүстік пен шығыста тұман түседі.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

Синоптиктер түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы ықтимал екенін ескертті.

Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша былай өзгереді:

Батыста +25...+30 градусқа дейін төмендейді;

Солтүстік-батыста +25...+30 градус болады;

Солтүстікте +15...+20 градусқа дейін салқындайды;

Орталықта +29...+34 градусқа дейін көтеріледі;

Шығыста +12...+20 градус шамасында сақталады;

Оңтүстікте +33...+40 градусқа дейін ысиды;

Оңтүстік-шығыста +25...+32 градусқа дейін жоғарылайды.

Мамыр айы жылы болады

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы мамыр айына арналған консультативтік болжамды жариялаған еді. Мамандардың айтуынша, биыл мамыр айында ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылырақ болады. Бірақ жауын-шашын мөлшері өңірлерде әркелкі түсуі мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью