Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
«Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс II конференциясы өтті. Жиын барысында алдағы мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері қаралып, кандидаттарды ұсыну мәселесі талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша делегаттардың шешімімен партия атынан сайлауға түсетін кандидаттар анықталды.
– Алдағы сайлау – партиямыз үшін маңызды саяси кезең. Бүгін анықталған кандидаттардың әрқайсысына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Біздің басты мақсатымыз – халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында нақты нәтижеге қол жеткізу. Сондықтан әрбір кандидат тұрғындармен тығыз байланыста болып, олардың талап-тілегіне құлақ асуы тиіс, – деді «Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.
Партия өкілдері алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, сайлау жұмыстарына қатысты негізгі міндеттерді айқындады.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.