Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алдағы төрт жылда елде бес миллионға жуық маман жасанды интеллектіні толық меңгереді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі мәлімдеді.
Қазір бір миллионнан астам маман бұл саланы жетік игерген. Ал кейінгі екі жылда жобаларға салынған венчурлық инвестицияға бөлінген қаржы 73 миллион долларға жетсе, соның жартысынан көбі осы жасанды интеллект саласындағы жобаларға тиесілі. Осылайша, елде цифрлық дәуір кезең-кезеңімен орнығып келеді. Цифрландыру бағытында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларына басымдық беріліп отыр. Ал жасанды интеллектіні енгізу қарқыны бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда келеді. Бүгінде бұл технология тұтынушыларға қызмет көрсету саласында кеңінен қолданылып жатыр. Электрондық мемлекеттік қызметтерде, ақылды жүйелер арқылы клиенттерге қызмет көрсетуде, сондай-ақ маркетинг пен деректерді талдау бағыттарында өз тиімділігін көрсетті.
Дмитрий Мун, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
- Бүгінде біз Қазақстанның жасанды интеллектіні енгізуге дайындық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 58-орында тұрғанын айтып отырмыз. Бұл – тек бастамасы.