Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады.
Елдің басым бөлігінде өткінші жауын-шашын болады. Тек солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады.
Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық аймақтарда болады. Күндіз ауа температурасы +35...+40°C дейін жоғарылайды.
Ал еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райының өзгеруі басталады, ауа температурасы сәл төмендейді. Алайда климаттық нормадан жоғары болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.