Алдыңғы сайлауларға қарағанда бұл референдумда халықтың белсенділігі жоғары АҚШ сарапшысы

15.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Халықаралық байқаушыларға қолдау көрсету орталығындағы брифингте ол Астанадағы ғана емес, ауылдардағы учаскелерге де ат басын бұрғанын айтты.

– Бүгін таңертең ерте тұрып, бірнеше сағат жол жүріп, ауылдық жерлерге бардым. Қайтып келе жатып, ауылдардағы, қала сыртындағы және шаһардағы 13 учаскеге бас сұқтым. Әдеттегідей халықаралық стандарттар сақталған саяси науқанға куә болдық, – деді америкалық сарапшы.

Сондай-ақ ол комиссия мүшелерімен сөйлесіп, біліктілігіне көз жеткізгенін атап өтті.

– Негізінде, тек мемлекеттік қызметкерлер ғана комиссия мүшесі болғанын қаламас едік. Ал бүгін кәсіпкерлердің, кітапханашылардың, мұғалімдердің, өрт сөндірушілердің, тіпті, атбегінің де референдумда қызмет етіп жүргенін көрдік, – деді Уэсли Александер Хилл.

Одан бөлек ол байқаушылар мәселесіне тоқталды.

– Бір жерде аз, бір жерде көп, бірақ жалпы саяси партия мүшелері учаскелерде байқаушы болып жүр. Сонымен қатар қоғамдық және азаматтық ұйымдардың өкілдері де осы қызметті атқарып жатыр. Олар әр сағатта қанша дауыс беруші келгенін санап отыр. Сонымен бірге алдыңғы сайлауларға қарағанда бұл референдумда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары екенін айтқан жөн, – деді халықаралық байқаушы.

Айта кетейік бұған дейін Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатқанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью