Александр Бублик Гонконгтегі ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте ТОП 10 қатарына енді

11.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP-250 санатындағы турнирдің финалында әлемдік рейтингте 7-орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттиді екі сетте – 7:6, 6:3 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл – Бубликтің кәсіби мансабындағы 16-шы финал және қатарынан бесінші жеңісті финалы.

Осы жеңісінің арқасында ол алғаш рет ATP рейтингінде ТОП-10-ға, яғни 10-орынға көтеріледі.

Гонконг турниріндегі жеңісі үшін Бублик 106 460 АҚШ доллары көлемінде сыйақы мен 250 рейтингтік ұпай алды. Ал финалда жеңілген Лоренцо Музетти 62 115 доллар және 165 ұпай иеленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью